Ғылыми жаңалық: Депрессия адамның эмоциясына ғана емес, көру қабілеті мен қозғалысына да әсер етеді
Сурет авторы: лечащий врач
Депрессия - бұл жай ғана көңіл-күйдің түсуі емес, ми тіндеріндегі терең өзгерістерге әкелетін күрделі дерт. Nature Mental Health журналында жарияланған жаңа зерттеу бұл дерттің эмоционалдық жағдайға ғана емес, адамның көру және физикалық белсенділігіне де тікелей әсер ететінін дәлелдеді.
Джанин Д. Бийстербош бастаған ғалымдар тобы депрессияның ми құрылымына әсерін анықтау үшін 23 мыңнан астам ми магнито-резонанстық томография (МРТ) түсірілімін талдады. Мамандар 185-тен 11 мыңға дейін қатысушысы бар алты ірі деректер базасын жеке-жеке зерттеп, кейін ортақ нәтижелерді біріктірген. Нәтижесінде депрессияның ауырлық деңгейі мен тұлғалық тәуекелдердің ми функциясымен байланысы жан-жақты сарапталды.
Бұған дейінгі зерттеулер сияқты, бұл жолы да депрессияның эмоцияны реттеу, шешім қабылдау және уәждемеге жауап беретін маңдай, алдыңғы белдеушелік және аралық қыртыстардағы сұр зат көлемін азайтатыны расталды.
Дегенмен ғалымдарды таңғалдырғаны - дерттің деңгейі жоғары болған сайын, мидың қозғалыс (моторлы) және көру аймақтарының да көлемі кішірейетіні белгілі болды. Бұған дейін депрессия белгілері адамның көру қабілетімен немесе физикалық белсенділігімен бұлай тығыз байланыстырылмаған еді.
Ғалымдар ендігі кезекте мидың қозғалыс пен көруге жауапты бөліктеріндегі өзгерістердің депрессияның нақты қандай симптомдарына әсер ететінін тереңірек зерттеуді жоспарлап отыр. Бұл жаңалық болашақта ауруды ерте әрі дәл анықтауға және оны емдеудің жаңа тиімді әдістерін ойлап табуға жол ашады.
Соңғы жаңалықтар
-
Пашинян: Армения ЕО мен ЕАЭО арасында таңдау жөнінде референдум өткізбейді
9 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбайдың ата-анасы сотталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті
9 сағат бұрын
-
Қазақстан «Теңізшевройл» компаниясына қалдықтарды заңсыз сақтағаны үшін экологиялық талап қойды
11 сағат бұрын
-
Жүлде қоры 10,5 миллион теңге: Алматыда суретшілер арасында ірі өнер бәйгесі басталды
11 сағат бұрын
-
2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
12 сағат бұрын
-
Ауылға көшетін IT-мамандар мен архивистерге 10,8 млн теңгеге дейін тұрғын үй несиесі берілуі мүмкін
12 сағат бұрын
-
Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келеді
15 сағат бұрын
-
«Қазақтелекомның» екі қызметкері жұмыс кезінде қаза тапты
15 сағат бұрын
-
Трамп АҚШ-та туғандарға автоматты түрде азаматтық беруді шектейтін жарлықтарға қол қойды
16 сағат бұрын
-
Қыркүйектен бастап көлік әкелуге қойылатын талаптар күшейеді
16 сағат бұрын
-
УЕФА: Инфантиноға сенім жоғалды, бойкот күшінде қалады
16 сағат бұрын
-
«Өзімізге де керек»: Трамп Украинаға қару жеткізу туралы айтты
17 сағат бұрын
-
Алматыда ірі көлемде синтетикалық есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды
17 сағат бұрын
-
ERG-дегі мемлекеттің 40 пайыз үлесі «Самұрық-Қазынаға» өтті
17 сағат бұрын
-
Канье Уэст концерті қарсаңында алаяқтар жалған билет сата бастаған
18 сағат бұрын
-
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді
1 күн бұрын
-
Reuters: КҚК мұнай тиеуді қайта-қайта тоқтатуға мәжбүр
1 күн бұрын
-
Инфантино қатты сынға қарамастан ФИФА президенті лауазымында қалатын болды
1 күн бұрын
-
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды
1 күн бұрын
-
Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілмек
1 күн бұрын
-
Ноланның «Одиссеясы»: Италияның шағын аралы жаһандық туристік орталыққа айналмақ
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың көбі өзін кедей санамау үшін айына 260–320 мың теңге керек деп есептейді
1 күн бұрын
-
Қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді: Бейнебақылау камераларына қойылатын талаптар қатаңдатылды
1 күн бұрын
-
Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа жауап берді
1 күн бұрын
-
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады
1 күн бұрын
-
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады
1 күн бұрын
-
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басшысына баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды
2 күн бұрын
-
Жастардан банк карталарын сатып алып, интернет-алаяқтарға өткізген күдікті ұсталды
2 күн бұрын
-
Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
2 күн бұрын
-
Рақымшылық аясында қанша адам босатылды?
2 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуге жақын
2 күн бұрын
-
Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
2 күн бұрын
-
Министрлік қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады
2 күн бұрын
-
«Семей орманы» өртті анықтау жүйесіне байланысты «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
2 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен соғыста алыс қашықтыққа ұшатын зымыран қорының басым бөлігін жұмсап тастады
2 күн бұрын
-
FIFA-дағы дағдарыс: Инфантино қызметінен кетуі мүмкін
2 күн бұрын
-
Ғарышта сирек кездесетін оқиға: SpaceX зымыраны Айға соғылады
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей маркетплейстерді біріктіруі мүмкін – ресейлік шенеунік
2 күн бұрын
-
Болашақ студенттердің назарына: грант конкурсының нәтижесі қашан және қайда жарияланады
2 күн бұрын
-
Астанада «Пари Сен-Жермен» клубының ресми футбол академиясы ашылады
2 күн бұрын
-
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
2 күн бұрын
-
Трамп «Теңізшевройл» акционерлерінің табысына көз тікті
3 күн бұрын
-
ҚМДБ Жетісайдағы тойдағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
3 күн бұрын
-
310 адам тыйым салынған заттарды алып өтпек болған: алматылық полицейлер қауіпті заттарды тәркіледі
3 күн бұрын
-
Wildberries төңірегіндегі жағдай: Министр отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
3 күн бұрын
-
Қазақстан шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертпек
3 күн бұрын
-
Bloomberg: Дрон қаупіне қарамастан КҚК мұнай тиеуді қайта бастады
3 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады
3 күн бұрын
-
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті
3 күн бұрын