$ 482.32 € 553.37 ₽ 5.63

Ғылым енді Конституциямен қорғалады - Тоқаев

Редакция
19 наурыз 2026, 22:37
Ғылым енді Конституциямен қорғалады - Тоқаев Сурет авторы: exclusive.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға арнайы барып, отандық ғалымдармен ашық әңгімелесті. Мемлекет басшысы бүгінгі таңда әлемде технологиялық үстемдік үшін нағыз «шайқас» жүріп жатқанын тілге тиек етті. Президенттің пайымынша, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту – бұл жай ғана тренд емес, ел болашағының кепілі.

Мемлекет басшысы ғылым саласына бөлінетін инвестицияның 6 есеге артқанын ерекше атап өтті. Қазірдің өзінде 200-ден астам коммерциялық жоба іске асып, «Университет – өндіріс – инновация» атты біртұтас экожүйе қалыптаса бастаған.

Енді ғылымды дамыту Үкіметтің жай ғана жоспары емес, Ата заңмен бекітілген мемлекеттік міндет. Тоқаев мырза 420 ғылыми ұйым мен 27 мыңнан астам ғалымның әлеуетін жоғары бағалап, әсіресе ғылыми ортаның жасарып келе жатқанына (ғалымдардың 50%-ы 40 жасқа толмағандар) ризашылығын білдірді.

«Келер ұрпақ біздің қателіктерімізге кешіріммен қарауы мүмкін, бірақ Әділетті Қазақстанды құру мүмкіндігін мүлт жіберсек – оны ешқашан кешірмейді», – деп түйіндеді Президент өз сөзін.

Соңғы жаңалықтар