$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Грузияда ата-анасының қарауынсыз қалған 7 жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды

Абдрахманов Мағжан
10 наурыз 2026, 14:24
Грузияда ата-анасының қарауынсыз қалған 7 жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды Сурет авторы: Yanukit Raiva

Грузия аумағында ата-анасының қарауынсыз қалған 7 жастағы қазақстандық қыз Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, баланы елге қайтару жұмыстары жарты жылға жуық уақытқа созылған.

– Кәмелетке толмаған қыз шетелде заңды өкілдерінің тиісті қарауынсыз болған. Сол себепті ол уақытша арнайы мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта қыз қауіпсіз жерде, оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі баланы туыстарына беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл ретте қыздың мүддесі басты назарға алынатыны айтылды.

Ал баланың шетелге қалай барғаны және не себепті жақындарынан бөлек қалғаны туралы ведомство құпиялылыққа байланысты нақты ақпарат бермеді.

Соңғы жаңалықтар