$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Грузия қазақстандықтарды жиі қайтарып жатыр

Редакция
15 мамыр 2025 04:50 4162
Грузия қазақстандықтарды жиі қайтарып жатыр Сурет авторы: admiral.travel

Қазақстан мен Грузияның Сыртқы істер министрліктері арасында кезекті консулдық консультациялар өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Казахстандық тарап соңғы уақытта қазақстандық азаматтардың Грузияға келген кезде елге кіргізілмей, депортацияға ұшырау жағдайлары жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсатта барып, қабылдаушы елдің заңнамасын адал сақтайтыны атап өтілді.

Өз кезегінде Грузия тарапы мамыр айының басынан бері елге кіруге рұқсат беруден бас тарту жағдайларының айтарлықтай азайғанына назар аударды. Консулдар бұл оң үрдіс алдағы уақытта да жалғасатынына сендіріп, Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен онда болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екендерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар