$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Грин-карта алу қиындай түсті: АҚШ жаңа талаптар енгізді

Абдрахманов Мағжан
25 мамыр 2026, 10:33
Грин-карта алу қиындай түсті: АҚШ жаңа талаптар енгізді Сурет авторы: shutterstock

АҚШ билігі грин-картаға өтініш беру ережесін қатаңдатты. Енді шетел азаматтары құжаттарды тек елден тыс аумақта тапсыруы тиіс.

Бұл туралы АҚШ азаматтық және көші-қон қызметі (USCIS) хабарлады. Ведомство мәліметінше, АҚШ-та уақытша жүрген шетелдіктер грин-картаға өтініш беру үшін өз елдеріне оралуы қажет.

USCIS өкілі Зак Калер бұл өзгерістер заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталғанын айтты.

«Шетел азаматтары өтінішті өз елінде берсе, АҚШ-та заңсыз қалу жағдайлары мен оларды іздеу және депортациялау қажеттігі азаяды», – деді ол.

Сондай-ақ ведомство уақытша жұмысшылар, туристер мен студенттер АҚШ-қа сапарын грин-карта алу процесінің бастамасы ретінде қарастырмауы тиіс екенін ескертті.

Бұрынғы USCIS қызметкері Дуг Рэндтің айтуынша, жыл сайын шамамен 1 млн адам грин-карта алуға өтініш береді. Оның жартысына жуығы құжаттарын АҚШ аумағында тапсыратын.

Соңғы жаңалықтар