$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Газа тұрғындары Қазақстанға көшірілмейді – Сыртқы істер министрлігі

Абдрахманов Мағжан
23 маусым 2025, 17:31
Газа тұрғындары Қазақстанға көшірілмейді – Сыртқы істер министрлігі Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан адамдарды елімізге көшірейін деп жатқаны жөніндегі ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Журналистер СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан бұл мәліметтің рас-өтірігін сұрады.

– Бұл – шындыққа жанаспайтын, жалған ақпарат. Мұндай фейкті кім таратып жүргенін білмеймін, бірақ ол біреуге тиімді болса керек, – деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар