$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісім жасалды

Редакция
17 қаңтар 2025 02:36 4150
Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісім жасалды

Израиль, ХАМАС, АҚШ және Катар Газа секторында кепілге алынғандарды босату және атысты тоқтату бойынша келісімге қол қойды. Бұл туралы Axios хабарлады.

Келісімге сәйкес, Израиль Министрлер Кабинеті мәмілені мақұлдау үшін дауыс беруді 18 қаңтар, сенбіге ауыстырды. Израиль заңдарына сәйкес, палестиналық тұтқындарды түрмеден босату тек Үкіметтің мақұлдауымен жүзеге асады. Егер барлық процедуралар сәтті аяқталса, келісім 20 қаңтарда күшіне енеді.

Алғашқы кезеңде ХАМАС Израильге кепілге алынған 33 адамды қайтарып береді. Өз кезегінде Израиль түрмелерден жүздеген палестиналық тұтқындарды босатады.

Бұл келісім аймақтағы қақтығыстарды бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар