$ 461.39 € 534.75 ₽ 5.45

Ғалымдар отбасылық жанжалды азайтудың қарапайым жолын тапты

Редакция
18 тамыз 2026, 15:10
Ғалымдар отбасылық жанжалды азайтудың қарапайым жолын тапты Сурет авторы: depositphotos.com

Америкалық ғалымдар жаңа зерттеу барысында жұбайлардың қарым-қатынасын жақсартатын күтпеген әрі қарапайым құпияны анықтады. Brigham Young University зерттеушілері бірге спортпен шұғылданатын отбасыларда пікірталас азайып, түсіністік артатынын дәлелдеді.

CREATE жобасы аясында АҚШ-тағы 1 693 жас отбасының өмір салты сарапталды. Нәтижесінде бірге жүгіру, серуендеу немесе фитнеспен айналысу серіктестердің бір-бірін тыңдау, жанжалды шешу және мәселені бірлесіп талқылау дағдыларын айтарлықтай күшейтетіні белгілі болды. Жұптардың көбі үшін бұл әдіс күнделікті күйбең тіршілік пен экраннан тыс шынайы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Ерлі-зайыптылардың 60 пайызы спортпен айналысса да, оның тек үштен бірі ғана бұл уақытты бірге өткізеді екен. Сарапшылардың айтуынша, ең танымал әрі қолжетімді әдіс – жай ғана кешкі серуендеу. Ол сыртқы алаңдаушылықтардан арылып, еркін сөйлесуге таптырмас жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар