Ғалымдар өмірді 45%-ға ұзартудың құпиясын тапты
Сурет авторы: Pexels
Ұзақ уақыт бойы күштік жаттығулар тек бұлшықет өсіру немесе сыртқы келбетті жақсарту құралы ретінде қарастырылып келді. Алайда жуырда жарияланған жаңа зерттеу нәтижелері салмақ көтерудің ағзаға тигізер пайдасы бұдан әлдеқайда терең екенін дәлелдеді. Спорт залында сағаттап уақыт өткізбесеңіз де, күштік жаттығулар өмір жасын ұзартуға септігін тигізеді.
АҚШ-та 30 жыл бойы жүргізілген үш ауқымды зерттеу аясында 150 мыңға жуық медицина қызметкерінің мәліметтері талданды. Осы уақыт ішінде 36 мыңға жуық қатысушы қайтыс болған, бұл ғалымдарға бұлшықетті шынықтыру белсенділігі мен ерте өлім қаупі арасындағы байланысты нақты бақылауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нәтижесінде денсаулыққа ең жоғары пайда әкелетін оңтайлы уақыт белгілі болды:
-
Аптасына 90-нан 120 минутқа дейін (шамамен 1,5–2 сағат) күштік жаттығулармен айналысқан адамдарда кез келген себептен болатын өлім қаупі жаттықпайтындармен салыстырғанда 13%-ға төмендеген.
-
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан (соның ішінде инсульт пен инфаркт) өлім қаупі 19%-ға азайған.
-
Неврологиялық дерттерден, әсіресе деменциядан (алжу) болатын өлім қаупі 27%-ға қысқарған.
Маңызды: Жаттығу уақытын аптасына екі сағаттан асыру өлім қаупін одан ары төмендетпейтіні анықталды. Яғни, бұл тұста шамадан тыс жүктеменің қажеті жоқ. Тек қатерлі ісікке (рак) қатысты жағдайда ғана аптасына бір сағаттан аз уақыт жаттығу тиімдірек нәтиже көрсеткен.
Ең тиімді формула: Күштік жаттығу мен кардионың үйлесімі
Зерттеу барысында ең төменгі өлім көрсеткіші күштік жаттығуларды аэробты белсенділікпен (жаяу жүру, жүгіру, велосипед тебу, жүзу) ұштастырғандар арасында тіркелді.
Аптасына ұсынылатын 150 минуттық кардио жаттығудың өзі өлім қаупін 26%-дан 43%-ға дейін азайтады. Ал егер бұған аптасына 1-2 сағаттық салмақ көтеру жаттығуларын қосса, бұл көрсеткіш 45%-ға дейін төмендейді. Демек спорттың бұл екі түрі бір-біріне бәсекелес емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын таптырмас серіктес.
Бұлшықет — ағзаның басты метаболитикалық мүшесі
Салмақ көтерудің өмірді ұзартуға ықпал етуі бұлшықеттің ағзаға атқаратын маңызды қызметтерімен байланысты:
-
Қант деңгейін реттеу: Бұлшықет ұлпасы — денедегі ең белсенді зат алмасу ошағы. Тамақтанғаннан кейін қандағы глюкозаның шамамен 80%-ын бұлшықеттер сіңіріп, қуатқа айналдырады немесе гликоген ретінде сақтайды. Бұл ағзаны 2-типті қант диабетінен және жүрек ауруларынан қорғайды.
-
Миокиндердің бөлінуі: Бұлшықеттер жиырылған кезде қанға «миокиндер» деп аталатын гормон тәріздес заттар бөлінеді. Олар созылмалы қабыну процестерін бәсеңдетіп, бауыр, май ұлпасы, сүйек және мидың жұмысын жақсартуға сигнал жібереді.
-
Тамырлардың икемділігі: Тұрақты жаттығулар қан қысымын төмендетіп, артериялардың қатайып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бұлшықет күші (мысалы, қолмен қысу күші) жалпы денсаулықтың нақты көрсеткіші болып табылады. Күшті бұлшықеттер егде жаста құлау мен сынықтардың алдын алып, адамның қартайғанда ешкімге тәуелсіз, белсенді өмір сүруіне кепіл болады.
Бұл зерттеудің обсервациялық (бақылау сипатындағы) екенін ескеру қажет. Яғни, ол салмақ көтеру мен ұзақ өмір арасындағы тығыз байланысты көрсеткенімен, оның тікелей бірден-бір себепшісі екенін толық дәлелдей алмайды. Себебі салмақ көтеретін адамдар, әдетте, зиянды әдеттерден аулақ, дұрыс тамақтанатын тұлғалар болуы мүмкүн.
Дегенмен ғалымдардың басты жолдауы позитивті: ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін қымбат спорт залына жазылу немесе ауыр штанга көтеру міндетті емес. Аптасына бар болғаны екі рет барлық негізгі бұлшықет топтарына арналған қысқа өнімді жаттығу жасау және оны күнделікті белсенді қозғалыспен ұштастыру жеткілікті.
Соңғы жаңалықтар
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
41 минут бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
49 минут бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
18 сағат бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
19 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
20 сағат бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
20 сағат бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
20 сағат бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
21 сағат бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
21 сағат бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
23 сағат бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
1 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
1 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
1 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
1 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
1 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
1 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
1 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
1 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
1 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
1 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
1 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
1 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
1 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
1 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
2 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
2 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
2 күн бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
2 күн бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
2 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
2 күн бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
2 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
3 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
3 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
4 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
4 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
4 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
4 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
4 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
4 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
4 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
4 күн бұрын