$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Ғалымдар еліміздегі жолдарды дұрыстаудың жолын тапты

Редакция
14 мамыр 2025 02:40 1992
Ғалымдар еліміздегі жолдарды дұрыстаудың жолын тапты Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда әр жолға жеке битум мен асфальт қоспасын таңдау жүйесі енгізіледі. Бұл жолдың сапасын арттыруға көмектеседі. Жаңа жүйе жолдың орналасқан өңіріндегі ауа райын және көлік көп жүретін-көп жүрмейтінін ескереді.

Мұндай өзгерісті Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты ұсынып отыр. Олар 2024 жылдан бастап жол құрылыс материалдарына арналған ұлттық стандарттар дайындап жатыр. Қазірдің өзінде үш стандарт дайын болса, биыл тағы төртеуі әзірленіп жатыр. Бұл құжаттар жол салғанда қандай битум мен асфальт қолдану керегін нақтылап береді.

Жаңа стандарттардың жобалары ksm.kz сайтында жарияланған. Кез келген адам сайттағы «Талқылау» – «Стандарттар» – «СТ РК жобаларын талқылау» бөлімінен олармен таныса алады. Жол саласына қатысы бар мамандар өз пікірлері мен ұсыныстарын электронды пошта арқылы жолдай алады.

Соңғы жаңалықтар