$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Ғалымдар жиі баспалдақпен көтерілу адам өмірін ұзартатынын анықтады

Редакция
13 тамыз 2026, 10:55
Ғалымдар жиі баспалдақпен көтерілу адам өмірін ұзартатынын анықтады Сурет авторы: depositphotos.com

Лондон мен Норвич университетінің ғалымдары жұртты таңғалдырған жаңа зерттеу нәтижелерін жариялады. Олардың айтуынша, күнделікті әдеттегі баспалдақпен көтерілу өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттырып, мезгілсіз қайтыс болу қаупін төмендетеді екен.

Зерттеушілер шамамен 480 мың адамның деректерін сараптап көрген. Нәтижесінде, лифттің орнына баспалдақты жиі таңдайтын адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұму қаупі бірден 39%-ға төмен екені анықталды.

Норвич медицина мектебінің профессоры Василиос Василиу жүрек аурулары әлемдегі өлім-жітімнің басты себебі екенін атап өтті. Алайда бұл қауіптің алдын алу онша қиын емес: дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және қарапайым физикалық белсенділік – басты құтқарушы.

Зерттеуге 35 пен 84 жас аралығындағы әртүрлі адамдар қатысқан. Олардың арасында дені сау жандармен қатар, жүрегінде бұрыннан ақауы бар адамдар да болды. Нәтиже көрсеткендей, баспалдақпен жиі жүретін жандарда инфаркт, инсульт және жүрек жеткіліксіздігі сияқты қауіпті дерттер әлдеқайда сирек кездеседі.

Ғалымдар бұл әдістің басты артықшылығы – спортзалға баруға уақыты немесе мүмкіндігі жоқ адамдар үшін күнделікті тірлікте орындауға өте оңай екенін алға тартады. Дегенмен, бұл барлығына бірдей жарай бермейді: буыны ауыратын немесе жүріп-тұруы қиын жандарға сақ болған жөн.

Соңғы жаңалықтар