Футболдан Еуропа чемпионатына 9 күн қалды: Фавориттер кім?
9 күннен кейін әлем көз тіккен футбол додасы басталады. Биыл Еуропа чемпионаты осынау біріншіліктің үш дүркін жеңімпазы Германия жерінде өткелі отыр.
Бір айға созылатын жарыс 14 маусымда басталып, 14 шілдеде аяқталады. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасып, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады деп жоспарланған. Чемпионатты алаң иесі саналатын Германия Шотландияға қарсы ойынмен ашатын болады.
Чемпионатқа қандай құрамалар іріктелді?
А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария
B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания
C тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия
D тобы: Польша, Нидерланды, Аустрия, Франция
E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
F тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия
Чемпионат форматы EURO 2020-дағыдай болады. Әр топтан жоғары ұпай жинаған екі құрама және тобында үшінші орынға тұрақтағандардың ішінен нәтижесі жақсырақ болған төрт құрама 1/8 финалға жолдама алады.
Ойындар келесі қалаларда өтпек:
- Берлин: Olympiastadion Berlin (қазіргі сыйымдылығы: 71,000)
- Мюнхен: Munich Football Arena (66,000)
- Дортмунд: BVB Stadion Dortmund (62,000)
- Штутгарт: Stuttgart Arena (51,000)
- Гамбург: Volksparkstadion Hamburg (49,000)
- Лейпциг: Leipzig Stadium (40,000)
- Гельзенкирхен: Arena AufSchalke (50,000)
- Кельн: Cologne Stadium (43,000)
- Франкфурт: Frankfurt Arena (47,000)
- Дюссельдорф: Düsseldorf Arena (47,000)
Кімнің Еуропа чемпионы атанатыны 14 шілдеде Берлиндегі Olympiastadion Berlin стадионында анықталады.
Турнир фавориттері кім?
Еуродағы ең жұлдызды құрама – Англия
Бұл құрама Еуропаның алдыңғы қатарлы клубтарында ойнайтын үздік ойыншылардан жасақталған. "Алтын допқа" үміткер Джуд Беллингем мен Хәрри Кейнге Кайл Уолкер, Фил Фоден, Букайо Сака, Деклан Райс, Коул Палмер секілді серпінді ойыншыларды қосыңыз. Алайда чемпионатты ұту үшін жұлдызды құрамның болуы жеткіліксіз.
Ол үшін бас бапкер Гарет Саутгейт жұлдыз ойыншылардың эгосына төтеп беріп, әлеуетін аша алуы керек. Себебі ол өткен Еурода Англияны финалға шығарғанымен, ұтқыр тактикалық шешімдердің жетіспеушілігінен сынға да ұшыраған.
Еуропадағы ең тұрақты құрама – Франция
Еуропадағы ең тұрақты ұлттық құрама болуымен қатар, Франция Килиан Мбаппе, Антуан Гризманн, Майк Майньян, Уильям Салиба, ағайынды Эрнандес, Аурелиан Чуамени және Осман Дембеле сияқты мықты ойыншылардың арсеналына ие.
Әлемдегі ең қауіпті ойыншы - Мбаппенің айналасында стратегиялық ойындарды жасай алса, Францияның турнирлік сапары ұзаққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар Гризманн да 2022 жылғы әлем чемпионатында көрсеткен деңгейін тапса, басқа командаларға француздарды жеңу қиынға соқпақ.
Францияның 2016 жылдан бері 4 ірі турнирдің 3-еуінде ақтық мәреге жетуі таңғаларлық. Соңғы Еурода Швейцариядан 1/8 финалда жеңілгені ғана олардың беделіне нұқсан келтірді.
Алаң иесі – Германия
Германия соңғы екі Әлем чемпионатында топтық кезеңнен шыға алмай, дағдарысқа тап болған еді. Бірақ биылғы наурыз айындағы Франция мен Нидерландыға қарсы жолдастық кездесулерде жеңіске жетуі жағдайдың дұрысталғанынан хабар бергендей.
Жамал Мусиала мен Флориан Уирцтің қосылуы, Тони Кроостың қайта оралуы да құрамаға жаңа серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ алаң иелері ретінде жанкүйерлерін қуантуға тырысып бағады.
Роналду бастаған Португалия
Криштиану 39 жасқа келіп, Сауд Арабия лигасында голдарды тоғытып жүргенімен, оны Еуродағы Португалияның басты тұмары деу қиындау. Себебі көптеген маман Португалия Роналдусыз жақсырақ ойын өрнегін көрсетеді деп сенеді. Алайда аңызға айналған ойыншыны негізгі құрамға қоспау бас бапкер Роберто Мартинезтің қолынан келе ме екен?
Португалия Рубен Диаш, Бернарду Сильва, Жоау Фелиш, Жоау Канселу, Бруно Фернандеш, Диего Жота, Рафаель Леао секілді дарынды ойыншыларға ие. Өз тобынан бірінші боп шығып, жоқ дегенде 1/8 финалға жетуге әлеуеті жетеді.
Испания да жасындай жалындаған жас дарындардан құр алақан емес. Бельгия да Еден Азар мансабын аяқтаса да, 13 ойын қатарынан жеңілмей келеді. Чемпиондық атақты қорғап қалуға тырысатын Италияны да ұмытпаған жөн.
Еуро тарихында аутсайдер саналған құрамалардың өзгелерден оза шапқан кездері де аз емес. Оған 2004 жылы чемпион болған Грекия мен 1992 жылы чемпион атанған Дания дәлел. 2016 жылы Англияны қапыда қалдырып, ширек финалға жеткен Ирландияны да айтпасқа болмас.
Не де болса, құрлықтың үздік құрамалары футболсүйер қауымға бір ай бойы тартысты ойындар мен қуанышты сәттер сыйлайтыны анық.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын