$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Редакция
13 желтоқсан 2024 09:11 2041
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды Сурет авторы: kff.kz

Швейцарияның Цюрих қаласында 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Жеребе нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы J тобына түсті. Бұл топта Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алу үшін Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен сынға түседі.

УЕФА аймағынан Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олардың 12-сі топ жеңімпазы ретінде тікелей жолдама алады. Қалған төрт орынға өз тобында екінші орын алған 12 команда мен Ұлттар лигасы арқылы жолдама алған төрт құрама таласады.

Еуропа аймағынан іріктеу матчтары 2025 жылдың наурызынан қараша айына дейін өтеді. 

2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық бөлігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар