FT: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға қызығушылығын жоғалтып жатыр
Сурет авторы: AFP
АҚШ-тың Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен реттеуге делдал болу әрекеті тоқырауға ұшырады. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерге қызығушылығының төмендеуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы шенеуніктер мен дипломаттар Financial Times басылымына мәлімдеді.
Басылымның жазуынша, Вашингтонның назарын Украинадан басқа бағытқа бұрған негізгі себептердің бірі — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы. Соның салдарынан АҚШ-тың сыртқы саясаттағы басымдықтары өзгерген.
Еуропалық дипломаттардың айтуынша, өткен аптада америкалық шенеуніктер Еуроодақтағы әріптестеріне Ресейдің мұнай саласына қарсы санкцияларды күшейту жоспарланбағанын хабарлаған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздерде үзіліс бар екенін растады.
«Келіссөздерде шынымен де кідіріс бар. Америкалықтардың басқа басымдықтары бар, бұл түсінікті», — деді ол Financial Times басылымына.
Еуропалық дипломаттардың бірі АҚШ назарын Таяу Шығысқа бұруды Еуроодақ пен Украина үшін «апат» деп атаған. Сонымен қатар Еуропа елдеріне Украинаға арналған америкалық қару жеткізілімінің, әсіресе әуе қорғанысы жүйелерінің кешіктірілетіні туралы хабарлама түскені айтылды.
Еске салсақ, Ресей, Украина және АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы раундтары 23–24 қаңтарда және 4–5 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен. Үшінші кездесу 17–18 ақпанда Швейцарияда ұйымдастырылған. Келесі кездесу наурыздың басында жоспарланғанымен, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар оған кедергі келтірген.
Сонымен қатар басылым дерегіне сәйкес, Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков француз өкілдерінің Еуроодақты келіссөздерге қатыстыру туралы ұсынысын қабылдамай тастаған.
Ал Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында бейбіт келісімге келуге Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұстанымы кедергі келтіріп отырғанын айтты.
«Мен Зеленскийдің келісім жасағысы келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге келісім жасау керек екенін айтыңыздар, өйткені Путин келісімге дайын. Зеленскиймен келісу әлдеқайда қиын», — деді Трамп.
Ол сондай-ақ Ресей мұнайына қатысты санкциялардың уақытша әлсіреуі Ормуз бұғазының жабылуына байланысты туындаған энергетикалық дағдарыспен байланысты екенін айтты.
Трамптың айтуынша, дағдарыс аяқталғаннан кейін санкциялар қайта енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге ол Иран келісім жасауға дайын екенін айтқанымен, қазіргі уақытта Вашингтон Тегеранмен келісімге келуді жоспарлап отырмағанын жеткізді.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Шабуылдар нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны хабарланған. Бұған жауап ретінде Иран Израильге соққы жасап, Парсы шығанағындағы АҚШ базалары мен оның одақтастарының инфрақұрылымына шабуылдар жасауда.
Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарына қауіп төнген. Бұл бағыт Таяу Шығыстан мұнай мен газ жеткізудің негізгі маршруттарының бірі саналады. Осы жағдай аясында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары көтерілген.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді
14 сағат бұрын
-
Reuters: КҚК мұнай тиеуді қайта-қайта тоқтатуға мәжбүр
14 сағат бұрын
-
Инфантино қатты сынға қарамастан ФИФА президенті лауазымында қалатын болды
16 сағат бұрын
-
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды
16 сағат бұрын
-
Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілмек
17 сағат бұрын
-
Ноланның «Одиссеясы»: Италияның шағын аралы жаһандық туристік орталыққа айналмақ
17 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың көбі өзін кедей санамау үшін айына 260–320 мың теңге керек деп есептейді
17 сағат бұрын
-
Қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді: Бейнебақылау камераларына қойылатын талаптар қатаңдатылды
18 сағат бұрын
-
Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа жауап берді
18 сағат бұрын
-
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады
18 сағат бұрын
-
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады
19 сағат бұрын
-
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басшысына баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды
1 күн бұрын
-
Жастардан банк карталарын сатып алып, интернет-алаяқтарға өткізген күдікті ұсталды
1 күн бұрын
-
Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
1 күн бұрын
-
Рақымшылық аясында қанша адам босатылды?
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуге жақын
1 күн бұрын
-
Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
1 күн бұрын
-
Министрлік қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады
1 күн бұрын
-
«Семей орманы» өртті анықтау жүйесіне байланысты «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен соғыста алыс қашықтыққа ұшатын зымыран қорының басым бөлігін жұмсап тастады
1 күн бұрын
-
FIFA-дағы дағдарыс: Инфантино қызметінен кетуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Ғарышта сирек кездесетін оқиға: SpaceX зымыраны Айға соғылады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей маркетплейстерді біріктіруі мүмкін – ресейлік шенеунік
1 күн бұрын
-
Болашақ студенттердің назарына: грант конкурсының нәтижесі қашан және қайда жарияланады
1 күн бұрын
-
Астанада «Пари Сен-Жермен» клубының ресми футбол академиясы ашылады
1 күн бұрын
-
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Трамп «Теңізшевройл» акционерлерінің табысына көз тікті
2 күн бұрын
-
ҚМДБ Жетісайдағы тойдағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
2 күн бұрын
-
310 адам тыйым салынған заттарды алып өтпек болған: алматылық полицейлер қауіпті заттарды тәркіледі
2 күн бұрын
-
Wildberries төңірегіндегі жағдай: Министр отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
2 күн бұрын
-
Қазақстан шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертпек
2 күн бұрын
-
Bloomberg: Дрон қаупіне қарамастан КҚК мұнай тиеуді қайта бастады
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады
2 күн бұрын
-
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті
2 күн бұрын
-
Елімізде аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды
2 күн бұрын
-
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
Жолбарыстар Қазақстанға қайта оралды: Жыртқыш аң табиғатқа жіберілді
3 күн бұрын
-
Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардың салдарынан сатушылар 1,6 триллион теңгеден астам шығынға батуы мүмкін
3 күн бұрын
-
«Өрмекші-адамның» жаңа бөлімі рекорд орнатты: Әлемдік кассалық түсім 1 млрд долларға жақындады
3 күн бұрын
-
Мұнай бағасы күрт төмендеді
3 күн бұрын
-
Израиль Газадағы әскери операцияны тоқтатуға келісті – араағайындар
3 күн бұрын
-
Австралия балаларға әлеуметтік желіні бұғаттады, бірақ мектеп оқушыларының 80%-ы әлі отыр
3 күн бұрын
-
МӘМС қорынан 3,5 миллиард теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
ОПЕК елдері мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді
3 күн бұрын
-
Ғылыми жаңалық: Депрессия адамның эмоциясына ғана емес, көру қабілеті мен қозғалысына да әсер етеді
3 күн бұрын
-
АҚШ жасанды интеллектіні бір тетікпен өшірмек
4 күн бұрын
-
Мәскеудегі мейрамханада жарылыс болып, кемінде үш адам қаза тапты
4 күн бұрын
-
КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
5 күн бұрын