$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алды

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 15:13
FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алды Сурет авторы: FlyArystan

28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan ұшағына жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде өрт шықты. Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Air Astana өкілі Жанна Бадаубаева әлеуметтік желіде хабарлады.

Оның мәліметінше, өрт шағын аумақты қамтыған және оны әуежайдың төтенше жағдай қызметі жедел сөндірген.

«Air Astana тобы 28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде өндірістік оқиға болғанын растайды», – делінген хабарламада.

Оқиға кезінде Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан шығарылған.

Өрт шыққан сәтте ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған.

Қазір әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар ұшақтың қаншалықты зақымданғанын бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Air Astana Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар