$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

FlyArystan билет бағасын жасырын төлемдер арқылы қымбаттатқаны белгілі болды

Редакция
05 наурыз 2025 07:12 1012
FlyArystan билет бағасын жасырын төлемдер арқылы қымбаттатқаны белгілі болды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan авиакомпаниясының билет бағасын жасырын төлемдер арқылы негізсіз көтергенін анықтады.

Антимонополиялық органның мәліметінше, авиакомпания билет құнына әртүрлі кезеңдерде автоматты түрде қосылатын қосымша төлемдерді енгізген. Бұл тәжірибе "drip pricing" (тамшылап баға қосу) деп аталады және Еуропа елдерінде заңмен тыйым салынған.

"Атап айтқанда, компания билетті сату кезінде транзакция үшін қосымша комиссия алып отырған. Бұл – drip pricing деп аталатын жасырын баға өсіру әдісі, ол еуропалық заңнамада тыйым салынған", – деді агенттік төрағасы Марат Омаров.

FlyArystan монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы ескерту алған, және бұл талапты орындағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар