$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

ФИФА Қазақстандағы балалар футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

Абдрахманов Мағжан
21 тамыз 2026, 12:16
ФИФА Қазақстандағы балалар футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді Сурет авторы: kff.kz

ФИФА Қазақстан футбол федерациясына балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және мамандар даярлау үшін 250 мың доллар бөледі. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

21 тамыздағы Ұлттық банктің ресми бағамымен грант көлемі шамамен 114,6 млн теңгені құрайды. Қаражат ФИФА-ның 2026 жылға арналған Talent Development Scheme бағдарламасы аясында бөлінген.

Гранттың жартысы – 125 мың доллар – болашағынан үміт күттіретін жас футболшыларды іздеу және іріктеу жобасына жұмсалады.

Тағы 50 мың доллар бапкерлер мен ойыншыларды іріктейтін мамандарға арналған семинарларға бөлінеді. Бағдарламаны басқаруға да 50 мың доллар қарастырылған.

Қалған 25 мың доллар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағдарламаға қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуге жұмсалады.

ФИФА Talent Development Scheme бағдарламасын 2022 жылы іске қосты. Оның мақсаты – ұлттық футбол федерацияларына дарынды жас ойыншыларды анықтау және даярлау жүйесін қалыптастыруға көмектесу.

Соңғы жаңалықтар