$ 477.11 € 545.58 ₽ 6.2

ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамаларды 64-ке дейін көбейтуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
13 шілде 2026, 10:13
ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамаларды 64-ке дейін көбейтуі мүмкін Сурет авторы: Global Look Press

ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін көбейту мәселесін қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бастама 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін талқыланады.

Қазір Солтүстік Америкада өтіп жатқан әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысып жатыр. Бұған дейін турнирге 32 команда жолдама алатын. Инфантино жаңа формат өзін ақтағанын айтып, барлық құрлықтың командалары жақсы ойын көрсеткенін атап өтті. Оның пікірінше, әлем чемпионатына көбірек елдің қатысуы футболдың дамуына серпін береді.

Егер ұсыныс қабылданса, 2030 жылғы әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін. Мұндай жағдайда турнир 16 топқа бөлініп, жалпы матч саны 128-ге жетеді. Бұл қазіргі форматпен салыстырғанда 24 ойынға көп.

2030 жылғы әлем чемпионаты Испания, Португалия және Мароккода өтеді. Турнирдің мерейтойына орай алғашқы ойындар Аргентина, Уругвай және Парагвайда ұйымдастырылады.

Қазір өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания 15 шілдеде Астана уақытымен 00:00-де, ал Англия мен Аргентина 16 шілдеде 00:00-де кездеседі. Үшінші орын үшін матч 19 шілдеде 02:00-де, финал 20 шілдеде 00:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар