$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

«Евровидение» ережесі түбегейлі өзгерді: Соғыс жағдайындағы елдерге байқауды өткізуге ресми түрде тыйым салынды

Редакция
13 тамыз 2026, 10:41
«Евровидение» ережесі түбегейлі өзгерді: Соғыс жағдайындағы елдерге байқауды өткізуге ресми түрде тыйым салынды Сурет авторы: Max Herbst/APA-Images/picture alliance

Халықаралық «Евровидение» ән байқауының ұйымдастырушылары – Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) ережеге күтпеген және қатаң өзгерістер енгізді. Ендігі кезде байқауда жеңіске жеткенімен, аумағында қарулы қақтығыс немесе күрделі геосаяси жағдай орын алып жатқан елдер келесі жылы байқауды өз елінде қабылдау құқығынан автоматты түрде айырылады.

Жаңа ережеге сәйкес, қауіпсіздік деңгейін бағалау үшін арнайы тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Егер елдің хабар таратушы компаниясы қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алмайтыны анықталса, EBU байқауды өткізетін баламалы елді өзі таңдайды. Айта кетейік, 2022 жылы Украина жеңіске жеткенімен, соғыс салдарынан конкурс Ұлыбританияда өткен еді. Демек, бұл тәжірибе жүзінде бұрыннан бар болса да, енді ресми түрде заңдастырылып отыр.

Бұдан бөлек, байқау ережелеріне тағы екі маңызды өзгеріс енгізілді:

  • Жас шектеуі күшейтілді: Енді конкурсқа қатысушы барлық әртістер бірінші репетиция күніне дейін 18 жасқа толуы тиіс (бұған дейін жас шегі 16 жас болатын). Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жас өнерпаздарды артық психологиялық қысымнан қорғау үшін жасалып отыр.

  • Жанды дауыс талабы: Фонограмма мен алдын ала жазылған дыбыстарға шектеу қойлып, негізгі вокал міндетті түрде тек қана тірі дауыста орындалуы тиіс.

Аталмыш жаңа ережелер 2027 жылдан бастап күшіне енеді. Еске салайық, 2026 жылғы мамырда өткен байқауда Болгария өкілі Dara «Bangaranga» атты әнімен тарихи жеңіске қол жеткізіп, келесі байқауды өз елінде қабылдауға дайындық үстінде.

Соңғы жаңалықтар