$ 535.13 € 627.44 ₽ 6.52

Ет не үшін қымбат? Министр жауап берді

Абдрахманов Мағжан
08 қыркүйек 2025 11:51 290
Ет не үшін қымбат? Министр жауап берді Сурет авторы: Максим Морозов

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ет бағасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, елімізде сиыр еті посткеңестік кеңістікте ғана емес, әлем бойынша да ең арзан өнімдердің қатарында.

«Мал шаруашылығымен айналысу оңай емес. Мал иесі таңғы бесте тұрады, малды суарады, жемдейді, қорасын тазалайды. Демалыс деген жоқ. Ал ет алу үшін үш жыл күту қажет. Ендеше оның бағасы қанша болуы тиіс? Көрші елдерде біздің ет 10–12 доллардан сатылады. Мәзірде «Қазақстаннан әкелінген ет» деген арнайы белгі қойылады, үлкен сұраныс бар», – деді министр.

Серік Жұманғарин ет экспортын шектеу жоспарланбайтынын да атап өтті.

«Экспорттық келісімшарттары бар, етті мал бордақылау алаңдары арқылы заңды түрде жұмыс істеп отырған шаруашылықтар өнімін сыртқа шығаруды жалғастыра береді», – деді ол.

Министр өнімді сапасыз дайындап, малды дұрыс жем-шөппен қамтамасыз етпей, тек жылдам пайда табуға тырысатын делдалдарға қатаң шара қолданылатынын ескертті. 

Соңғы жаңалықтар