$ 466.33 € 538.47 ₽ 5.9

Есірткі қылмысына қарсы комитет төрағасына қатысты тексеріс басталды

Абдрахманов Мағжан
07 сәуір 2026, 10:12
Есірткі қылмысына қарсы комитет төрағасына қатысты тексеріс басталды Сурет авторы: gov.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, қызметкерлердің шағымдары негізінде материалдар тіркеліп, қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар барлық мән-жайды зерделеп, құқықтық баға беретін болады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Дастан Қабылбековтың видеосы тараған. Онда комитет төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат айтылып, оған қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және әдепсіз әрекеттер жасады деген айыптар тағылғаны хабарланған. Сондай-ақ шағымға шамамен 20 адам қол қойғаны айтылған.

ІІМ бұл мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын растады, алайда өзге ақпарат жария етілмеді.

Данияр Мейірхан ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет етеді. Ол әр жылдары полиция мен ІІМ жүйесінде басшылық лауазымдарда болған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін 2025 жылдың қыркүйегінен бері басқарады.

Соңғы жаңалықтар