$ 479.82 € 559.9 ₽ 6.15

Есірткі қылмысына қарсы комитет төрағасы қызметінен шеттетілді

Абдрахманов Мағжан
08 сәуір 2026, 13:28
Есірткі қылмысына қарсы комитет төрағасы қызметінен шеттетілді Сурет авторы: gov.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі растады.

Ведомство мәліметінше, қызметкерлердің шағымдары негізінде материалдар заңнамаға сәйкес тіркеліп, қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар барлық мән-жайды жан-жақты және объективті түрде анықтауға кіріскен.

ІІМ әрбір өтініш міндетті түрде тіркеліп, тексерілетінін атап өтті. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға берілмек.

Данияр Мейірхан ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет етеді. Ол әр жылдары түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2019 жылы Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы қызметінен шеттетілгеннен кейін Түлкібас аудандық полиция бөлімін басқарған.

2022 жылдың көктемінде алаяқтық күдігімен ұсталған, алайда кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс құрамының болмауына байланысты істі жапқан. 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласы патрульдік полиция полкінің командирі қызметінен босатылған.

Соңғы жаңалықтар