$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 12:10
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып қайта тағайындалды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті мақұлдаған.

46 жастағы Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне алғаш рет 2025 жылғы ақпанда тағайындалған.

Оған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясында, «Новострой Астана» ЖШС-де жұмыс істеген. Сондай-ақ «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар