$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

Редакция
09 қаңтар 2025 09:29 1711
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды Сурет авторы: prosud.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевты Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.", – делінген Ақорданың баспасөз қызметінде.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Сәрсембаевтың кандидатурасы мақұлданған.

Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Алматы энергетика және байланыс институтын және Қонаев атындағы гуманитарлық университетті тәмамдаған. Әр жылдары Сенат аппаратында қызмет атқарып, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Конституциялық Соттың судьясы болған.

Сәрсембаев бұл қызметте Азамат Есқараевты алмастырды.

Соңғы жаңалықтар