Ерлан Қошанов: Біздің мемлекетіміз белсенді түрде бейбітшіл саясат ұстанып келеді
Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып,«Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Жаһандық саммитте Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Палата төрағасы қазір біз халықаралық құқықтың беделі әлсіреп, қақтығыстар шиеленіскен, экономикалық дағдарыстар белең алған күрделі де тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатқанымызды алға тартты.

Ерлан Қошанов мұндай алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияныңрөлі арта түсетінін атап өтті. Парламентаралық диалог мемлекеттер арасындағы құрмет пен сенімді, ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық құқықтың мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан бүгінгі «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы бүкіл әлем парламентарийлеріне жолдаған үндеу екенін айтты.
Қазақстан әрдайым Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды, ашық әрі сындарлы диалогты, жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Бұл – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәйекті іске асырып келе жатқан еліміздің сыртқы саясатының іргелі қағидаттары. Біздің мемлекетіміз белсенді түрде бейбітшіл саясат ұстанып келеді. Астана мен Алматы бірнеше рет келіссөздер алаңына айналғаны өздеріңізге мәлім. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиялары құрамында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отыр, – деді Мәжіліс спикері.
Ерлан Қошанов Қазақстанның бітімгершілік контингенті Голан биігіндегі атысты тоқтату режимін сақтауға, жағдайды тұрақтандыруға үш жылдан бері атсалысып келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде Орталық Азия өңірдегі үйлесімді және көпвекторлы дипломатияның үлгісін көрсетуде. Аймақтағы елдердің арасында шекара мәселесі толық реттеліп, гидроэнергетика, көлік, логистика салаларында ортақ ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. Сол жұмыстың бәріне Қазақстан Парламенті тікелей атсалысуда.
Бұдан бөлек, Қазақстан Орнықты даму саласындағы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бәрін сапалы орындауға тырысып келеді. Парламентте Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуын бақылау жөніндегі арнаулы комиссия жұмыс істейді.
Сонымен бірге Қазақстан азық-түлік пен су қауіпсіздігіне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жайттарына ерекше көңіл бөліп отыр. Келесі аптада Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл форумда су ресурстарын басқару, «жасыл» экономикаға көшу және өңірдегі тұрақтылықты нығайту жөніндегі практикалық шешімдер ұсынылады деп жоспарлануда.
Мәжіліс төрағасы бүгінгі пікірталастың негізгі түйіні әділет ұғымы екеніне ерекше мән беріп, қазіргі уақытта бүкіл әлемде әділдікке деген сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бұл ең алдымен, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарға қатысты.

– Осы сұранысқа жауап ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруды өз мандатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Бұл мақсатты іске асыру үшін елімізде ауқымды саяси реформалар қолға алынды. Таяуда референдум арқылы жаңа Конституция қабылдануы – мемлекеттік институттарға, Президент реформалары бағдарына деген сенімнің дәлелі. Ата Заңның бүкіл мәтінінде адам мүддесі бірінші орынға қойылды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат Конституция деңгейінде айқындалды. «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» арасындағы теңгерім бекітілді. Осы реформалар аясында біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшеміз, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы әріптестеріне елдегі реформалармен бірге Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар туралы да айтып берді. Парламент жаһандық өзгерістерге сай Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы арнаулы заң қабылдады. Бұл құжаттарда жасанды интеллектіні пайдалану кезіндегі ашықтық, қауіпсіздік, жауапкершілік қағидаттары бекітілген. Ерлан Қошанов атап өткендей, заңды әзірлеу барысында технологиялық прогресс пен азаматтардың құқығын қорғау арасындағы теңгерім де барынша сақталды.
Жиын қорытындысы бойынша Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған әлемнің түкпір-түкпірінен келген Парламент спикерлерімен кездесіп, Ассамблея жұмысына белсене атсалысқаны үшін баршаға зор алғысын білдірді.
Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесуде Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақ Ассамблеясын өткізу арқылы Ыстанбұл өз тарихында төртінші рет әлемдік парламентаризмнің жаһандық астанасына айналып отырғанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында олар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Тараптар екі бауырлас елдің басшылары арасындағы мызғымас достық пен сыйластық баршаға үлгі екеніне назар аударып, көшбасшылардың уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асыратынын айтты.
Қос спикер партияаралық әріптестікке де көңіл бөліп, сауда-саттық, инвестиция, өнеркәсіп, көлік-логистика, туризм салаларындағы ықпалдастық жайын сөз етті.
Ал қырғыз әріптесімен кездесуде Ерлан Қошанов Марлен Маматалиевті Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан бауырлас елмен парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға үлкен мән беретініне тоқталды.
Тараптар Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі, достық тобы мен бейінді комитеттер аясындағы жұмысты ілгерілетуге келісіп, сауда-экономика, мәдениет, білім берумен қатар, шекара және көлік-транзит саласындағы іс-әрекетті кеңейту мәселелерін ортаға салды.
Сондай-ақ Мәжіліс спикері әріптесіне елімізде іске асып жатқан Президент реформалары туралы мәлімет берді.
Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық Жиналысының төрағасы Чан Тхань Манмен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан бұл елмен ықпалдастықты барлық салада күшейтуге мүдделі екенін жеткізді. Соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге айрықша көңіл бөлініп отыр.
Тараптар қазіргі күрделі кезеңде парламенттік дипломатияның әлеуетін барынша пайдалануға шақырып, 152-ші Ассамблея ашық әрі сындарлы диалог арнасында өткенін және ортақ мақсаттарға жол ашқанын атап өтті.
Сонымен қатар Мәжіліс спикері форум алаңдарында Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан парламенттері төрағаларымен парламентаралық диалогты тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері делегацияларының басшылары жұмыс кездесуін өткізді.
Қазақстан депутаттары негізгі сессиядан бөлек, орнықты даму, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған тұрақты комитеттердің отырыстарына қатысты.
Парламентаралық Одақ – 1889 жылы құрылған ең ірі халықаралық парламенттік ұйым. Оған 183 елдің парламенттері кіреді. Қазақстан 1993 жылдан бастап Парламентаралық Одақ Ассамблеясына мүше.
Парламентаралық Одақ Ассамблеясы парламенттік дипломатияға ықпал етеді және парламенттер мен парламентшілерге бүкіл әлемде бейбіт саясатты, демократияны және тұрақты дамуды ілгерілету өкілеттіктерін береді.
Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Т.Таныбаев
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
7 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
10 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
11 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
11 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
12 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
12 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
12 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
13 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
13 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
14 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
16 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
17 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
17 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
18 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
18 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын