$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті болып сайланды

Редакция
31 тамыз 2026, 10:58
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті болып сайланды Сурет авторы: akorda.kz

Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті болып сайланды. Қазақстан Құрылтайының депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған кандидатураны парламенттің пленарлық отырысында көпшілік дауыспен қолдады.

Еске салайық, вице-президент институты мемлекеттік басқару жүйесін нығайту, билік институттары арасындағы үйлесімді қамтамасыз ету және стратегиялық реформалардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жаңартылған Конституция аясында қайта қалпына келтірілді.

Вице-президентке өкілеттік мерзімі ішінде депутат болуға, басқа да ақы төленетін лауазымдарды атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға және саяси партияның құрамында болуға тыйым салынады. Егер Президент өз еркімен отставкаға кетсе, денсаулық жағдайына байланысты міндеттерін атқара алмаса, қызметінен шеттетілсе немесе қайтыс болса, оның өкілеттігі вице-президентке өтеді.

Соңғы жаңалықтар