$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ереже бұзған 5000 көлік жүргізушісін прокуратура ақтап алды

Редакция
05 қараша 2024 03:16 1914
Ереже бұзған 5000 көлік жүргізушісін прокуратура ақтап алды

Алматы прокуратурасы жылдамдықты асырғаны үшін қате айыппұл алған автобус иелерінің құқықтарын қорғап шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Ішкі істер министрлігі автобустар мен шағын автобустардың жылдамдығын қала шегінде 50 км/сағ дейін шектейтін жаңа ережелер енгізді.

Алайда, Сергек жүйесінің камералары шілде айында жол белгілері орнатылмағанына қарамастан шектен асып кету фактілерін тіркеген. Салдарынан 5000-нан астам жүргізуші негізсіз айыппұл алды.
Прокуратура араласқаннан кейін бұл айыппұлдар жойылып, 3000-нан астам кәсіпкер мен 2000-ға жуық азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, прокуратура жүргізушілерге егер олар айыппұлмен келіспесе, сотта шағымдануға мүмкіндіктері бар екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар