$ 487.02 € 552.23 ₽ 6.51

Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты кімдер жазаланады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Абдрахманов Мағжан
25 маусым 2026, 13:02
Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты кімдер жазаланады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады Сурет авторы: ulpan.sovetbekovna/ Instagram

Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты жауаптыларды қылмыстық іс қорытындысы анықтайтынын мәлімдеді.

Сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап берген министрдің орынбасары алдымен марқұмның ата-анасы мен жақындарына, сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамына Қорғаныс министрлігі атынан көңіл айтты.

Оның сөзінше, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жауапкершілікке тартылатын тұлғалар тергеу нәтижесі мен сот шешіміне сәйкес анықталады. Ал тәртіптік жаза қолдану мәселесін Ұлттық ұланның басшылығы қарайды.

Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, істі тергеу Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады. Сонымен бірге тексеру жұмыстарына әскери прокуратура мен басқа да уәкілетті органдар қатысып жатыр. Ол Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтар ем қабылдап жатқан кезде қолдау көрсеткенін және кейін де отбасымен байланыста болғанын айтты. Сондай-ақ Ұлттық ұлан басшылығы жерлеу рәсіміне қатысатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар