Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі: «Ел Шығысында былтыр берілген барлық тапсырмалар нақты орындалуда»
Шығыс Қазақстанда «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру барысын зерделей келе мамандар жобалардың қайталанатындығын байқап, оларды әртараптандыру қажеттілігін айғақтады. Сондықтан, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құзырлы мамандармен бірлесіп, ауыл халқының кәсіпке деген көзқарасын кеңейту мақсатында 70-тен астам түрлі бизнес-идеялардан тұратын жобалар пулы жасалып, ашықтық пен кері байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Google Cloud-та деректер базасы құрылды. Кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеліп, барлық ақпаратты тікелей ала алады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановпен кездесу барысында айтылды.
Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Шығыс өңірінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасының биылғы жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар барысында Кеңесші несие алған кәсіпкерлермен кездесіп, туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да басым бағыттарға бөлінген қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына көз жеткізді.
- Биыл әжептәуір өзгерістер бар. Былтыр берілген барлық тапсырмалар орындалу үстінде. Әрбір аудан бойынша, әрбір ауыл бойынша экономикалық бағдарламалар жасалған. Бұл облыста 2,535 млрд теңгеге нақты жобалар жүзеге асырылып, тағы 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгін орта-шағын бизнес бойынша бес нысанды араладық. Барлығында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл облыстағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ несиелендірумен қамтылатын бағыттар бойынша Ералы Лұқпанұлы үзілді-кесілді пікірін айтты:
- Бүгінгі өзгерістің бірі – мал шаруашылығына несие беру толықтай тоқтатылған. Кейбір жерлерде ерекше сұрау болса бөлінген қаражаттың 10 пайыздайын үлестіруге болады, бірақ барынша қаражатты орта-шағын бизнесті дамытуға, туризм мен қайта өңдеу саласына жұмсауға толықтай қолдау білдіріп отырмыз, - деді Ералы Тоғжанов.
Биылғы несие беру бағыттары туралы баяндаған ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджыбекова әр жылғы көрсеткіштерге де тоқталды.
- 2023 жылы қаржының 80%-ы мал шаруашылығына жұмсалса, 2024 жылы біз үш негізгі бағытқа басымдық бердік: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. Бұл тұрғындардың экономикалық жағдайын жақсартуға тиімді әсер етпек, – деді ол.
2024 жылы бағдарлама аясында ШҚО-ға республикалық бюджеттен 7,039 млрд теңге бөлінуі жоспарланған, алайда әзірге оның 2,5 млрд теңгесі ғана бөлініп, оның 1 млрд теңгесі игеріліп қойды.
Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті сенім білдірілген агент «Ертіс» әлеуметтік корпорациясы өкілдерінің айтуынша 2024 жылы бөлінеді деп жоспарланған барлығы 7,039 млрд теңге сомадан бүгінде 2,5 млрд түскен. Оның 1 млрд теңгесіне 135 жоба қаралып, 72 жоба мақұлданған. Оның ішінде туризм саласына – 27 жоба (467,6 млн теңге), ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге – 26 жоба (301,4 млн теңге), ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға – 6 жоба (70,8 млн теңге) және басқа бағыттар бойынша – 13 жоба (160,2 млн теңге) құпталып, несиелендірілген. Бастысы, бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарының ашылуы, қазіргі таңда олардың саны, тек 2024 жыл бойынша – 163.
Ал нақты нәтижелер мен сәтті жобаларға келетін болсақ, Ералы Тоғжановпен бірге аудандарды аралаған делегация мүшелері туризм және қайта өңдеу саласындағы нысандарға тоқталды.
- Біз Премьер-министр Кеңесшісімен бірге бірнеше ауданда болып, несие алған кәсіпкерлермен кездестік. Туризм және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды қарадық. Мысалы, Глубокое ауданында шай мен кәмпит өндіруге арналған жабдық сатып алу үшін несие берілді. Айта кету керек, 2023 жылы несие алған кәсіпкер Зимовье ауылында туризм бағытында қосымша демалыс орнын салды. Несиелендірудің арқасында кәсіпкер жобаны толық іске қосып, бүгіннің өзінде қарызын толық дерлік өтеп үлгерген. Бұл аталмыш бағыттың тиімділігін айқындап отыр, – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.
2024 жылдың соңында 1,5 млрд теңге көлемінде жаңа қаржыландыру бөлінді, ол туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бағытталады.
Айта кету керек, ШҚО әкімдігі бағдарламаны одан әрі дамыту мақсатында пилоттық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Туризм саласында жергілікті бюджет есебінен 10 демалыс үйі салынбақ. Бұл үйлер несие алушылар үшін кепіл мүлкіне айналады. Естеріңізде болса, бағдарламаның түйткілді тұстарының бірі қолдауға мұқтаж әлеуетті кәсіпкерлердің біршамасында кепілдік мүлік жағынан мәселелер болған еді. Өйткені ауылдық жерлердегі үй-жайлардың ескілігі, тозығы жеткендігі қол байлаған жобалар болды. Осы тұрғыда салынған нысандардың өзін кепілдікке алу – тараптарға тиімді шешім болмақ.
Сонымен қатар сүт шаруашылығы бағытында Үлкен Нарын ауданында 100-120 бас ірі қара малға арналған кооперация құрылмақ. Бұл жобаға 10 жеке қосалқы шаруашылық пен шаруа қожалықтары қатысатын болады.
Шығыс Қазақстандағы атқарылған ауқымды жұмыс бағыты - әкімшілік кедергілерді азайтуды қолға алу. «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Исатай Ансат жобаларды іріктеу және кәсіпкерлермен жұмыс істеу барысындағы өзгерістер туралы айтты.
- Біз, бағдарламаның жүзеге асырылу барысын зерделей келе, жобалардың қайталанатындығын байқадық. Сондықтан, халықтың көзқарасын кеңейту үшін 70-тен астам түрлі бизнес-идеялардан тұратын жобалар пулын жасадық. Сонымен қатар, кейбір жергілікті әкімдердің сүйемелдеу хаттарын бермеуі туралы шағымдар болды. Осыған байланысты біз жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Google Cloud-та деректер базасын құрдық. Кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеліп, барлық ақпаратты ала алады, – деді Исатай Ансат.
Исатай Сәбиұлының айтуынша атқарылған ауқымды жұмыстың тағы бір бағыты - аудандардың мамандануын анықтау. Кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары барысында әр ауданның даму бағытына қатысты нақты жоспар жасалды. Мәселен, Зайсан ауданы – табиғи газдың қолжетімділігі жылыжайлар ашуға мүмкіндік береді. ШҚО көлдері мен тау өзендері – балық шаруашылығын, форель және тұқы тұқымдас балықтарды өсіруді дамытуға мүмкіндік береді. Ал Алтай және Марқакөл аудандары – ескі алма бақтарын жаңғыртып, жеміс шаруашылығын дамыту жоспарланып отыр. Сүт өңдеу зауыттарының айналасында – шағын сүт-тауар фермалары құрылып, өңірдің сүт өнеркәсібінің тиімділігі арттырылады.
Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. Жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және техникалық жабдықтау бағыттарында табысты жұмыс істеп жатыр. Үкімет тарапынан бөлінген қаржы жаңа жобаларды іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және ауыл халқының табысын арттыруға нысаналаы түрде бағытталуда.
- Шығыс Қазақстан дұрыс бағдармен келе жатыр. Мұнда көтерілген барлық сұрақтар бойынша шешім бар. Ауыл шаруашылығы министрі нақты ережелерді бекіткен. Ел Шығысы да сол бағытта жүреді деп ойлаймыз, – деп қорытындылады Ералы Тоғжанов.
Соңғы жаңалықтар
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
1 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
1 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
2 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
2 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
3 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
3 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын