$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Ер адамдарға әйелдердің отасын жазған: Маңғыстаудағы клиникалардың қулығы әшкере болды

Абдрахманов Мағжан
01 шілде 2026, 12:34
Ер адамдарға әйелдердің отасын жазған: Маңғыстаудағы клиникалардың қулығы әшкере болды Сурет авторы: depositphotos

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысында «Ибн Сина» медициналық орталығы мен SofieMedGroup клиникасының басшылығына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру күдігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тергеу мәліметінше, аталған емханаларда ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша көрсетілген медициналық қызметтер әйелдерге арналған жоғары технологиялық ота коды арқылы рәсімделген. Соның салдарынан емдеу құны негізсіз 10 есеге дейін қымбаттатылған.

Агенттіктің мәліметінше, осындай тәсілмен 200-ден астам ер адамға қымбат медициналық қызмет көрсетілген болып рәсімделген. Ал тағы 19 жағдайда азаматтар бұл емханаларға мүлде жүгінбегендерін айтқан.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 221 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар