$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

ЕО Қытайға санкция салуға дайындалып жатыр

Редакция
06 тамыз 2025 12:59 290
ЕО Қытайға санкция салуға дайындалып жатыр Сурет авторы: ulysmedia.kz

Еуроодақ Қытайға қарсы санкция салуды қарастырып жатыр. Politico-ның жазуынша, Брюссельдегі дереккөздер бұл қадамды Пекиннің Ресейге Украинадағы соғыс кезінде көмектесуімен байланыстырып отыр.

Бұған дейін Reuters Қытайда жасалған қозғалтқыштар Ресейге жалған компаниялар арқылы жіберілгенін жазған. ЕО өкілдері бұл деректі растады. 

Еуроодақтың 15 елі Қытайдан түсініктеме сұрағанымен, Пекин не жауап бермеген, не қатысы барын жоққа шығарған. Санкциялар тамыз айынан кейін енгізілуі мүмкін, бірақ ЕО Қытаймен диалогтан толық бас тартпайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін шілдеде қабылданған Ресейге қарсы 18-санкциялық пакетке Қытайдың жеті компаниясы мен екі банкі енгізілген болатын. Қытай өз кезегінде айыптауларды теріске шығарып, мүддесін қорғайтынын айтты.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар