$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Ең жоғары жалақы кімдерге төленді – Еңбек министрлігі дерегі

Редакция
11 желтоқсан 2025, 14:47
Ең жоғары жалақы кімдерге төленді – Еңбек министрлігі дерегі Сурет авторы: kursiv.kz

2025 жылдың қараша айында ең жоғары жалақы бас құрылысшыларға, өндірістік учаске бастықтарына және авиациялық диспетчерлерге ұсынылған. Бұл туралы Enbek.kz электронды биржасының талдауы негізінде Еңбек министрлігі мәлімдеді.
Ең жоғары жалақылар
Қараша айында ең жоғары еңбекақы төмендегі мамандықтарға ұсынылды:

  • бас құрылысшыларға — 640 мың теңгеден жоғары;
  • өндірістік учаске бастықтарына — 595 мың теңгеден жоғары;
  • авиациялық диспетчерлерге — 568 мың теңгеден жоғары.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күту көрсеткіші пилоттарда (орташа 1,9 млн теңге), сондай-ақ IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 млн теңге) тіркелді.
Нарықтағы белсенділіктің төмендеуі
Қараша айында Enbek.kz сайтына 101,1 мың вакансия орналастырылды, бұл қазан айымен салыстырғанда 23% аз, мұндай төмендеу маусымдық факторға байланысты деп болжап отыр. 
Жалпы төмендеуге қарамастан, вакансия санының өсуі төмендегі салаларда байқалды:

  • тау-кен өндіру өнеркәсібі — 26%,
  • әкімшілік қызмет түрлері — 19%,
  • ауыл шаруашылығы — 11%.

Ең үлкен қысқару мына салаларда болды:

  • ойын-сауық және демалыс қызметтері — 55%,
  • мемлекеттік басқару — 40%,
  • энергетика — 38%.

Өңірлер бойынша көшбасшылар
Ең көп вакансия орналастырған өңірлер:

  • Түркістан облысы — 11,1 мың,
  • Астана — 9,3 мың,
  • Алматы — 7,2 мың.

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар
Вакансия саны бойынша ең сұранысқа ие мамандықтар:

  • медбике/мейірбике — 1,9 мың,
  • санитар — 1,8 мың,
  • тәрбиешілер және автокөлік жүргізушілері — әрқайсысы 1,5 мың вакансия.

Соңғы жаңалықтар