$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Энергетика саласындағы тексерістен кейін 16 адам жауапқа тартылды

Абдрахманов Мағжан
02 шілде 2025 11:37 53
Энергетика саласындағы тексерістен кейін 16 адам жауапқа тартылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Электр энергетикасы саласына жүргізілген мемлекеттік аудиттен кейін бірқатар заңбұзушылық анықталып, 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.

2025 жылдың бірінші жартысында жүргізілген аудит қорытындысы мынадай:
– 66 миллион теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық;
– 2,2 миллиард теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған;
– 104,8 миллиард теңге бюджет қаржысы мен активтері тиімсіз пайдаланылған;
– 72 рәсімдік бұзушылық пен 35 жүйелі кемшілік тіркелді.

Соның нәтижесінде:
▪️ Энергетика министрлігінің бір департамент директоры;
▪️ «Самұрық-Энерго» АҚ-қа қарасты жел электр станциясының басшысы;
▪️ «КОРЭМ» АҚ-тың бірнеше басшысы;
▪️ «ЖЭК қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның бірқатар қызметкерлері;
▪️ «АлЭС» АҚ-тың бірнеше бөлім басшылары тәртіптік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар кейбір басшылық қызметтегі қызметкердің еңбек шарттары бұзылды.

Жоғары аудиторлық палата анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар