$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті бітіру міндетті болады

Редакция
16 сәуір 2024 13:54 2547
Енді жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті бітіру міндетті болады Сурет авторы: radk61.ru

ІІМ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепті бітіруді міндеттейтін бұйрық қабылдады. Құжат 2024 жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай бұйрықты қабылдауға жүргізушілерді даярлау сапасының төмендеуі және соның салдарынан жол ережелерінің жиі бұзылуы себеп болды. 

Жаңа ережелерге сәйкес, жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер мына құжаттарды тапсыруы керек:

  •  № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға жіберу туралы медициналық анықтама;
  • көлік жүргізушілерін дайындайтын оқу ұйымы, яғни автомектеп курстарын бітіргені туралы сертификат.

Соңғы жаңалықтар