$ 466.08 € 538.56 ₽ 5.65

Енді жұмыссыз қазақстандықтарға бос жұмыс орындары туралы ақпараттар автоматты түрде келіп тұрады

Редакция
11 тамыз 2026, 11:46
Енді жұмыссыз қазақстандықтарға бос жұмыс орындары туралы ақпараттар автоматты түрде келіп тұрады Сурет авторы: zhaikpress.kz

Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар арасындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарламалар таратыла бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жобаны Ұлттық статистика бюросымен бірлесе жүзеге асыруда.

Елдің 70 қаласында тұратын азаматтарға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан арнайы хабарлама түседі. Онда ауыл шаруашылығы халық санағын өткізуге сұхбаттасушы (санақ қызметкері) ретінде орналасу мүмкіндігі ұсынылады. Аталған санақ тамыз айында интернет-портал арқылы онлайн түрде жүргізілсе, қыркүйек пен қазан айлары аралығында арнайы мамандардың қатысуымен жеке сауалнама форматында өтеді.

Соңғы жаңалықтар