$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Енді үй мен көлік сатып алушының атына өтпейінше ақша бұғатта болады

Абдрахманов Мағжан
26 қараша 2025 11:54 350
Енді үй мен көлік сатып алушының атына өтпейінше ақша бұғатта болады Сурет авторы: kursiv.media

Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі автокөлікке қатысты мәмілелерде ақша сатып алушының атына тіркелгенге дейін бұғатталатын жаңа тетікті сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай механизмді жылжымайтын мүлік мәмілелеріне де енгізу жоспарланып отыр.

Жоба цифрлық теңгені енгізу аясында жүзеге асырылып жатыр. Үкіметте осы бағыттағы жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Басты бастамалардың бірі – «Қауіпсіз мәміле» жобасы. Оны пилоттық режимде 2026 жылдың сәуірінде іске қосу көзделген.

Жүйенің мақсаты – көлік пен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу кезінде алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру.

Соңғы жаңалықтар