$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Енді ұшақ кешіккен жағдайда әуе компаниясының басшысы да айыппұл төлейді

Редакция
22 тамыз 2024 08:51 1303
Енді ұшақ кешіккен жағдайда әуе компаниясының басшысы да айыппұл төлейді Сурет авторы: aviasales.ru

Бұдан былай ұшақ кешіккен жағдайда әуе компаниясы ғана емес, оның басшысы да айыппұл арқалайды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министр әуе рейстерінің кешігуінің үш себебін атады: әуежайдағы жөндеу жұмыстары, қолайсыз күн райы, жолаушылар ағынының өсуі.

Қарабаев рейс кешігуінің себептерін атап болған соң, оның алдын алу үшін жасалған жаңа механизмді түсіндірді.

"Бұдан былай айыппұл тек компанияға ғана емес, олардың бірінші басшыларына да салынады. Сондай-ақ әуежайлар да жауапкершіліктен қашып құтылмайды. Барлық жағдайда әуе компаниялар кідірістер үшін жолаушылардың билет құнын толығымен өтейді немесе келесі рейспен жіберетін болады», – деді министр.

 

 

Соңғы жаңалықтар