Енді шенеуніктерді жасанды интеллект іріктейді: Мемлекеттік қызметте үлкен реформа басталды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында қала активімен және өңір жастарымен кездесіп, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға әрі сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған жаңа заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

Өз сөзінде Агенттік басшысы Мемлекет басшысының «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген тұжырымдамасына тоқталып, жаңа заң аясында мансаптық және позициялық тәсілдердің артықшылықтарын біріктіретін гибридті модель қалыптасқанын атап өтті. Енді үміткерлерді іріктеу кезінде олардың тек мемлекеттік органдардағы ғана емес, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы таңдаған лауазымының функционалдық бағытына сәйкес келетін жиынтық еңбек өтілі ескеріледі, сондай-ақ шенеуніктердің адалдығын қамтамасыз ету мақсатында «мінсіз бедел» институты енгізіледі.

Кадрлық процестерді заманауи үрдістерге сай бейімдеу мақсатында мемлекеттік қызметке іріктеу процедуралары толықтай цифрлық форматқа ауыстырылып, конкурстар «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, қызметшілердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамыту мақсатында іске қосылған «AI Qyzmet» бағдарламасы бойынша республика көлемінде 60 мыңға жуық маман, оның ішінде Алматы қаласынан 2 700-ден астам қызметші оқудан өтті. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі де назардан тыс қалмай, жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде отандық азаматтардың 69%-ы бұл дертпен күреске өздігінен атсалысуға дайын екендігін білдірген.

Реформа аясында білікті жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту бағытында да бірнеше тиімді тетіктер қарастырылған. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған (GPA 3,33-тен жоғары) түлектер үшін аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігі беріліп, осы тәсілмен республика бойынша 860 жас маман, оның ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 4 түлегі жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, кездесуде Президенттік жастар кадр резерві мен биыл алғаш рет ұйымдастырылған Өңірлік жастар кадр резервінің артықшылықтары түсіндіріліп, Алматы өңірінен аталған резервтердің құрамына енген дарынды жастардың жетістіктері айтылды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет ардагерлерін арнайы төсбелгілермен марапаттап, бірқатар белсенді қызметшілер мен студенттерге Агенттік төрағасының Грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті, сондай-ақ «Almaty TV» телеарнасына реформалардың маңызы туралы кеңінен сұхбат берді.
Соңғы жаңалықтар
-
«Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
9 сағат бұрын
-
Жемқорлық тек кабинетте басталмайды: неге біз «ұсақ параға» көз жұма қараймыз?
11 сағат бұрын
-
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық сатушыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді
16 сағат бұрын
-
Балалар контенті неге кенжелеп тұр? Отандық медианың ішкі кедергілері мен себептері
16 сағат бұрын
-
Путин Арменияны ЕО мен ЕАЭО арасында таңдау жасауға шақырды
17 сағат бұрын
-
Тоқаевқа қаржылық қылмыстар бойынша есеп берілді: Миллиардтаған жымқырулардың беті ашылды
1 күн бұрын
-
ҚҚК Қазақстан мұнайын қайта қабылдай бастады
1 күн бұрын
-
Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
1 күн бұрын
-
Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты
1 күн бұрын
-
Ресей Байқоңырдан кете ме: «Роскосмос» басшысы не дейді?
1 күн бұрын
-
Өскеменде әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстанда аптап ыстықтың жүкті әйелдер мен сәбилердің денсаулығына әсері зерттеледі
1 күн бұрын
-
Трамп Иранға қарсы ауқымды соққыларды әзірге тоқтата тұрды
2 күн бұрын
-
Берлинде ЛГБТ шеруіне шыққандарды көлік қақты: бір адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстан Ресейге артық мұнай өнімдерін жеткізуі мүмкін
2 күн бұрын
-
АҚШ Украинаға Қазақстан мұнайын таситын кемелерге соққы бермеуді ескертті
2 күн бұрын
-
Қазақстан Қашаған операторының мүлкін бұғаттап тастады
2 күн бұрын
-
Украина Тоқаевтың қақтығысты тоқтату туралы мәлімдемесіне үн қатты
2 күн бұрын
-
Тоқаев соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды: Кремль не деді?
3 күн бұрын
-
Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды
3 күн бұрын
-
Ғасырлар бойы шешілмеген математикалық есепті екі қытайлық ғалым шешіп, әлемдегі ең беделді сыйлықты жеңіп алды
4 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын кімге сеніп тапсыру керек? Ұлттық банк басшысы кеңес берді
4 күн бұрын
-
«Айырмашылығы жер мен көктей»: Туристер неге Оңтүстік Кореяда денсаулық тексертуге құмар
4 күн бұрын
-
Өзбекстанда келінін өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген ене 5 жылға сотталды
4 күн бұрын
-
Доллар күрт қымбаттады
4 күн бұрын
-
Африкада маймылдың жаңа түрі табылды (ФОТО)
4 күн бұрын
-
АҚШ-тың жаңа сауда салығы Қазақстанға қалай әсер етеді: Министрлік жауап берді
4 күн бұрын
-
Балаларын қағып, қашып кеткен: Шырылдаған әке әділдік іздеп жүр
4 күн бұрын
-
БҚО-да ер адам жұмыстан кешіккені үшін түрмеге қамала жаздады
4 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті
4 күн бұрын
-
Атырауда түнде фейерверк атып, жұрттың мазасын алған екі адам жауапқа тартылды
4 күн бұрын
-
Вьетнамнан экстрадиция: Наркобизнеске бөлінген 2,5 млрд теңгені жымқырған күдікті Қазақстанға қайтарылды
4 күн бұрын
-
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты
4 күн бұрын
-
Жапонияда шошқаның бүйрегін адамға салып көрмек
4 күн бұрын
-
Сағатына 200 шақырым: Астанада заманауи әуе таксиі таныстырылды
4 күн бұрын
-
Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізді: тізімге Қазақстандағы ұйымдар да енді
4 күн бұрын
-
ШҚО: Катонқарағай ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті
4 күн бұрын
-
Трамп жаңа баж салығын енгізді: тізімде Қазақстан да бар
4 күн бұрын
-
Энергетика министрлігі мұнай өндірісінің неге азайғанын түсіндірді
5 күн бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі күрт азайды – Reuters
5 күн бұрын
-
Әлем чемпионы Испанияның $ 51 млн жүлдесінің $17 млн АҚШ салық үшін ұстап қалуы мүмкін
5 күн бұрын
-
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан азы зейнетақы жарнасын тұрақты аударады
5 күн бұрын
-
Қазақстанда қолдан жаңбыр жауғызудың салдары зерттеліп жатқан жоқ
5 күн бұрын
-
Алматыда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған жаңа технология таныстырылды
5 күн бұрын
-
OpenAI жасанды интеллект агенті сынақ кезінде бақылаудан шығып, Hugging Face жүйесіне кибершабуыл жасады
5 күн бұрын
-
ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеуді растады
5 күн бұрын
-
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
KazSat-3R байланыс серігін жасауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
5 күн бұрын
-
Ұлттық банктен де жоғары табыс: Жеке компаниялар азаматтардың зейнетақы жинағын қалай көбейтіп жатыр?
5 күн бұрын