$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Енді пойыздарда интернет пайда болады

Редакция
23 мамыр 2024 09:55 2237
Енді пойыздарда интернет пайда болады Сурет авторы: uzreport.news

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

Ол қазіргі уақытта пилоттық жобаны іске қосу жоспарланғанын айтты. Қазір компания Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің растауын күтіп отыр.

«Жыл соңына дейін пилоттық режимде іске қосамыз деп ойлаймын», – деді Жәнібек Тайжанов.

Сондай-ақ ол 2024 жылдың екінші жартысында «Тальго» пойыздарына бейнебақылау орнатылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар