$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Енді қазақ тіліндегі теле және радиобағдарламалардың көлемі 50%-дан 60%-ға ұлғаяды

Редакция
06 маусым 2024 02:41 1635
Енді қазақ тіліндегі теле және радиобағдарламалардың көлемі 50%-дан 60%-ға ұлғаяды Сурет авторы: qazaquni.kz

Сенат отырысында «Масс-медиа туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Заңға сәйкес, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50% - дан 60% - ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%).

Сондай-ақ отандық теле-, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-, радиоарналардағы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделген.

Сонымен қатар отандық теле-, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20% - дан 10% - ға дейін азайту белгіленді.

Соңғы жаңалықтар