$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Енді қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайды

Редакция
17 мамыр 2024 03:58 4104
Енді қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайды Сурет авторы: egemen.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңға сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмейтін, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар емес азаматтарға Қазақстан азаматтығы берілмейді. Ал бұрын азаматтықтан шығып, кері оралған отандастарға азаматтығын қалпына келтіруден бас тартылады.

Сондай-ақ заңда экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар, қайтадан қылмыс жасаған, ұйымдасқан топтың (қылмыстық ұйымның) «серкесі» саналатын, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ Қазақстанда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған және халықаралық шарттар негізінде өз азаматтығы бар елге берілген адамдардың елімізге кіруіне тыйым салынған.

 

 

Соңғы жаңалықтар