Енді елімізде қоқыс шығару тарифі үш жыл сайын қайта қаралады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтерін әр үш жыл сайын қайта қарап отыру туралы Экологиялық кодекске түзетулер әзірледі. Бұл туралы министр Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2021 жылы қабылданған Экологиялық кодекске сәйкес, әкімдіктер мәслихаттар арқылы қоқыс шығару тарифтерін қайта қарап, бекітуге тиіс болған. Бірақ қазіргі уақытта елдегі 211 аудан мен қаланың тек 155-інде ғана тарифтер қайта қаралған. Бұл міндет Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында толық орындалмаған.
«Тұрмыстық қатты қалдықтарға бекітілген тарифтер көбіне арнайы кәсіпорындардың нақты шығындарын жаппайды. Мысалы, Атырау қаласында тариф 379 теңге болып бекітілген, ал әкімдік ұсынған экономикалық негізделген тариф 527 теңгені құраған», – деді министр.
Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі қолданылады. Яғни, экономикалық тартымды тариф бекітіледі, ал қазіргі тариф пен экономикалық негізделген тариф арасындағы айырмашылық жеке серіктестерге утилизациялық төлемдер есебінен өтеледі.
«Жүйелі шешім үшін біз экономикалық тартымды тарифтерді бекіту құзыретін әкімдіктер деңгейіне беруді ұсынып отырмыз. Қазіргі уақытта заңнамаға тиісті түзетулер мәжілістің қарауында жатыр. Сондай-ақ тарифті қайта қарау жиілігін үш жылда бір реттен кем емес етіп белгілеуді жоспарладық», – деді Ерлан Нысанбаев.
Министрдің дерегінше, елде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болады. 2024 жылы қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі жоспарланған 30%-дың орнына 25,8%-ды құраған. 20 өңірдің жетеуінде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Олардың арасында Ұлытау облысында – 12%, Алматы облысында – 7,3%, Маңғыстау облысында – 5,5%, Солтүстік Қазақстан облысында – 5%, Шымкент қаласында – 3,5% көрсеткіш тіркелген.
Соңғы жаңалықтар
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
1 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
1 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
2 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
2 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
3 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
3 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын