$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Енді дәрі-дәрмек арзандайды: Антикор негізсіз үстемақыларды алып тастады

Редакция
23 қаңтар 2025 09:45 1767
Енді дәрі-дәрмек арзандайды: Антикор негізсіз үстемақыларды алып тастады Сурет авторы: Sputnik / Болат Шайхинов

Антикор «СК-Фармация» компаниясының қызметіне талдау жүргізген еді. Нәтижесінде дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауы мүмкін екені анықталған. Бұл Дәрілік заттар мен медицина бұйымдарын сараптау ұлттық орталығының қызметімен тікелей байланысты болып шықты. Осыдан соң Антикор орталықтың қызметін тексерді.

Негізгі қауіптер: жеткізушілердің шығындары мен үстеме бағалары туралы ақпараттың жабықтығы, ақпараттық жүйелердің бөлшектенуі, деректерді қайта тексеру механизмінің болмауы.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары жеткізушінің көлік шығындары, маркетинг және сапаны бағалау шығындары бойынша негізсіз үстемелер есебінен дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осының салдарынан дәрі-дәрмектер тіркелген сәттен бастап дәріхана сөрелеріне түскенге дейін екі еседен астам сомада қымбаттаған. Осы себепті ірі фармацевтикалық компаниялар артық пайда тапты.

Агенттік Денсаулық сақтау министрлігіне негізсіз үстемелерді алып тастауды және бірыңғай ақпараттық жүйе енгізуді ұсынды. Президент Әкімшілігінің Басшысының бұйрығымен осы саладағы баға белгілеу жүйесін цифрландыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Антикордың ұсыныстары бойынша министрдің шекті бағалар мен сатып алу тәртібіне қатысты үш бұйрығына түзетулер енгізілді.

Енді негізсіз үстемелер жойылып, кейбір дәрі-дәрмек арзандауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар