$ 461.37 € 542.16 ₽ 6.14

Енді чатты ақтарудың қажеті жоқ WhatsApp-тағы жаңа функция бәрін түсіндіреді

Редакция
23 сәуір 2026, 10:54
Енді чатты ақтарудың қажеті жоқ WhatsApp-тағы жаңа функция бәрін түсіндіреді Сурет авторы: Smartnews.kz

Танымал WhatsApp мессенджері қолданушылардың хат алмасу тәжірибесін жеңілдету мақсатында жасанды интеллектке негізделген жаңа мүмкіндікті сынақтан өткізуде. WabeTaInfo басылымының мәліметінше, қолданбаға оқылмаған чаттардың мазмұнын қысқаша баяндап беретін арнайы функция қосылады.

Жаңа функция Meta AI технологиясының негізінде жұмыс істейді. Пайдаланушы ұзақ уақыт байланысқа шықпаған чаттарда хабарламалар саны тым көп болса, мессенджер олардың бәрін оқып шығудың орнына, негізгі түйінін дайындап береді.

• Чаттар тізімінде пайда болатын арнайы батырма арқылы хаттардың қысқаша мазмұнын  алуға болады.

• Бұл мүмкіндік уақытты үнемдеуге және маңызды ақпаратты жіберіп алмауға септігін тигізеді.

Әзірлеушілер деректердің құпиялылығына ерекше назар аударған. Хаттарды өңдеу Private Processing технологиясы арқылы тікелей қолданушының құрылғысында жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз — WhatsApp немесе Meta компаниясы хаттардың мазмұнына қол жеткізе алмайды және ақпарат бұлтты серверлерге жіберілмейді.

Қазіргі уақытта жаңа функция Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында әзірлену үстінде. Сонымен қатар компания бұл технологияны iOS (iPhone) платформасына да енгізу жұмыстарын қатар жүргізіп жатыр. Функция сынақ кезеңінен сәтті өткеннен кейін, алдағы жаңартулардың бірінде барлық қолданушылар үшін қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар