$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Емханаларда жедел жәрдем жұмысын жеңілдететін мобильді бригадалар құруға ақша жоқ

Редакция
24 қазан 2024 03:55 2627
Емханаларда жедел жәрдем жұмысын жеңілдететін мобильді бригадалар құруға ақша жоқ Сурет авторы: istockphoto.com

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрлігінің «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілетін түзетулер талқыланды. Жаңа түзетулер медициналық қауымдастық пен қоғам арасында алаңдаушылық тудырды, себебі олар жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарға әсер етеді.

Түзетулердің негізгісі – бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарына жұмыс уақытында 4-санаттағы шұғыл шақыртуларға қызмет көрсету үшін мобильдік бригадалар құруды міндеттеу. Денсаулық сақтау министрлігі бұл өзгерістер жедел жәрдем жүйесіндегі көліктердің тозуы мен бригадалардың жеткіліксіздігіне байланысты енгізіліп отырғанын атап өтті. Министрлік мәліметі бойынша, жедел жәрдем шақыруларының 50%-дан астамы 4-санатқа жатады, сондықтан бұл жүктемені БМСК-ке беру бригадаларды аса күрделі шақыртуларға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Алайда медициналық қауымдастық бұл ұсынысқа сын көзбен қарап отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева атап өткендей, қазіргі таңда БМСК-ға бөлінетін қаржы әр тіркелген тұрғынға айына 51 теңгені құрайды, бұл жеткіліксіз. Оның пікірінше, мобильді бригадаларды құру учаскелік дәрігерлердің жұмыс сапасын арттырып, диспансерлік бақылауға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, алайда қаржылық мәселелер әлі шешімін таппаған.

Медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова да бұл жаңашылдықтың БМСК-ның қаржылық мүмкіндіктерін ескермей, жедел жәрдем жүйесінің үйлесімді жұмысын бұзуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл ұсынысқа теріс сараптамалық қорытынды берді.

Соңғы жаңалықтар