$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елшілік үндеу жасады: АҚШ-тағы қазақстандықтарды қандай қауіп күтіп тұр?

Редакция
27 қаңтар 2025 01:25 4512
Елшілік үндеу жасады: АҚШ-тағы қазақстандықтарды қандай қауіп күтіп тұр?

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Америка Құрама Штаттарындағы көші-қон саясатының қатаңдағанына назар аудартып, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Елшіліктің хабарлауынша, АҚШ билігі елге заңсыз келген шетелдіктер мен мигранттарға қатысты бірқатар шектеу шараларын енгізуде. Атап айтқанда:

  • Қамауға алу;
  • Елден шығару және қайта кіруге тыйым салу;
  • Әлеуметтік төлемдерден, жұмысқа рұқсат беру құжаттарынан және басқа да жеңілдіктерден айыру.

Сонымен қатар, АҚШ билігі елде заңды негізсіз жүрген шетелдіктерге өз еркімен ел аумағынан шығу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Елшілік қазақстандықтарды АҚШ аумағында көші-қон ережелерін сақтауға және құқықтық мәселелерді алдын ала шешуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар