$ 462.31 € 536.09 ₽ 5.34

Елордадағы ең қарбалас көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектелді

Редакция
01 қыркүйек 2026, 09:37
Елордадағы ең қарбалас көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектелді Сурет авторы: Informburo.kz

Нұрғиса Тілендиев даңғылында жол-көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. Қалалық әкімдіктің шешімімен 10 қыркүйекке дейін аталған жолдың белгілі бір бөлігі жартылай жабылып, қозғалыс кестесіне жедел өзгерістер енгізілді.

Бұл жолы жөндеу жұмыстары Көктал көшесінен бастап Мәскеу көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Мамандар жолдың жоғарғы қабатын толықтай жаңартуға кіріскен. Соның салдарынан көліктер ағыны жолдың тек бір жағымен ғана екі бағытқа қатар қатынайтын болады. Сондықтан таңғы және кешкі қарбалас уақытта бұл аумақта кептелістер жиілеуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары мен қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағдарды алдын ала жоспарлап, уақытты есепке алуды сұрайды. Айта кетейік, осы шілде айының ортасында дәл осы бөлік қысқа мерзімге жабылған еді, алайда бұл жолғы шектеу әлдеқайда ұзаққа созылмақ.

Соңғы жаңалықтар