$ 494.75 € 586.77 ₽ 6.38

Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
09 ақпан 2026, 09:25
Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды Сурет авторы: mazhilis.parlam.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болып еңбек етті, сондай-ақ AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Ол мемлекеттік басқару, жастар саясаты және қоғамдық-саяси үдерістер саласында бірқатар лауазымдарда жұмыс істеген.

Еңбек жолында Алматы қаласының жастар саясаты басқармасын басқарған, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болған, партиялық және қоғамдық құрылымдарда жетекшілік қызметтер атқарған. Сонымен қатар Парламенттік және Конституциялық реформалар жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болды.

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, саясаттану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелеріне ие.

Соңғы жаңалықтар