$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Еліміздің үш өңірінде қар аралас жаңбыр күтіледі – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2025 09:19 274
Еліміздің үш өңірінде қар аралас жаңбыр күтіледі – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады Сурет авторы: pexels

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 6 қазан күні үш өңірдің автожолдарында күн райы қолайсыз болатынын ескертті.

Мәліметке сәйкес, Абай, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

«Жүргізушілерден жылдамдықты шектен асырмауды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз», – делінген компания хабарламасында.

Компания жолдағы жағдай туралы тәулік бойы 1403 бірыңғай call-орталығы арқылы ақпарат алуға болатынын еске салды.

Қазір өңірлердегі жол қызметтері республикалық маңызы бар трассаларды қысқы күтіп ұстау жұмыстарына кірісіп кетті.

Соңғы жаңалықтар