$ 491.97 € 583.77 ₽ 6.39

Еліміздің үш қаласында әскери техникалар жүреді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

Абдрахманов Мағжан
16 ақпан 2026, 12:04
Еліміздің үш қаласында әскери техникалар жүреді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады Сурет авторы: sarbaz.kz

16-18 ақпан аралығында Қазақстанның үш қаласында әскери техникалардың легі жүріп өтеді. Осыған байланысты кейбір ауданда автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қозғалыс қай қалаларда болады?

Министрліктің мәліметінше, әскери техникалар мына қалалардың көшелерінде байқалады:

  • Алматы;

  • Қонаев;

  • Талдықорған.

Шараның мақсаты не?

Ведомство бұл іс-шараның Қорғаныс министрі жүргізіп жатқан әскери басқару органдары мен Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін жоспарлы тексерумен байланысты екенін түсіндірді.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын. Мемлекет басшысы ведомство алдына армияның жауынгерлік әзірлігін сақтау, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша нақты міндеттер қойған еді. Қазіргі тексеру жұмыстары осы тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылуда.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер таратпауға шақырды. Әскери техникалардың орын ауыстыруы — армияның дайындығын пысықтауға арналған стандартты оқу-жаттығу және тексеру процесі.

Соңғы жаңалықтар